Ата-бабамыз әрдайым тәртіп пен жауапкершілікті жоғары бағалаған. Бүгінде де қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы заң талаптарының орындалуына байланысты. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті бұзбай, өзгелердің құқығын құрметтеуі керек. Сонда ғана қоғамда өзара сыйластық пен сенім артып, елдің бірлігі нығая түседі. Заңға бағыну – саналы азаматтың басты белгісі.
Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, ардагер


