Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілі

(0 Votes)

Менің ойымша, заң мен тәртіп — бейбіт әрі қауіпсіз қоғамның негізгі тірегі. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол — баршамызға ортақ жауапкершілік.

Көшеде, мектепте, оқу орнында немесе қоғамдық орындарда тәртіп сақтау әр адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді. Сонымен қатар буллингке, зорлық-зомбылыққа, кемсітушілікке және заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау қажет. Егер әрқайсымыз өз құқығымызды құрметтеп, өзгенің құқығына нұқсан келтірмесек, қоғамда сенім мен сыйластық арта түседі. Бұл іс-шарадан алған негізгі ойым — тәртіпті болу күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну және әділдікті қолдау арқылы біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

Қисымова Аружан

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT