Ел ішіндегі тұрақтылық ең алдымен қоғамдық тәртіптен басталады. Ауданымызда әр тұрғын өзіне ғана емес, айналасындағыларға да жауапкершілікпен қараса, көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Заңды сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау, өзгелердің құқығын құрметтеу – қарапайым көрінгенімен, қоғам үшін маңызы зор. Тәртіпті сақтау әрқайсымыздың күнделікті әдетімізге айналуы керек.
Ақмарал ПАРУХҚЫЗЫ


