Соңғы жылдары қоғамда тазалыққа деген көзқарастың өзгергені байқалады. Бұрын сенбіліктерге тек мекеме қызметкерлері қатысады деген түсінік болса, бүгінде қарапайым тұрғындардың өзі қоршаған ортаның тазалығына белсенді араласа бастады. Бұл – қоғамдағы оң өзгерістің белгісі.
Әр адамның өз ауласы мен көшесіне жауапкершілікпен қарауы елді мекеннің келбетін жақсартады. Осындай қарапайым қадамдар үлкен нәтижеге бастайды. Тазалықты сақтау – бір күндік міндет емес, күнделікті қалыптасатын мәдениет.
Егер тұрғындар өз ортасына бейжай қарамаса, кез келген ауыл мен ауданның ажары арта түсетіні анық.
— Мейрамгүл Қажетова, аудан тұрғыны

