Қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мамандардың айтуынша, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүру жасөспірімдердің түрлі қауіп-қатерге тап болуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағдайлар құқық бұзушылықтардың орын алу қаупін де арттырады.
Сарапшылардың пікірінше, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар ата-аналар балаларының қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауда ұстауы қажет.
Педагог Гүлнұр Қалиева жасөспірімдердің қауіпсіздігі қоғам үшін маңызды мәселе екенін айтады.
— Баланың қауіпсіз әрі саналы ортада өсуі оның болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан ата-аналар мен білім беру ұйымдары бірігіп жұмыс істеуі қажет, — дейді маман.
Мамандардың айтуынша, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

