Соңғы уақытта көпқабатты тұрғын үйлер маңында түнгі уақытта тыныштықты бұзу деректері жиілеп келеді. Қатты музыка қою, көлікпен дабылдату немесе кешкі уақытта шу шығару тұрғындардың наразылығын тудыруда. Мұндай жағдайлар әсіресе қарт адамдар мен балалардың тынығуына кері әсер етеді.
Тұрғындардың айтуынша, тыныштық сақтау – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді.
— Кейде түннің ортасына дейін музыка қосып қоятындар болады. Бұл өзге адамдарға қолайсыздық туғызады. Әркім айналасындағыларды ойлауы керек деп есептеймін, — дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Әбілқайыр.
Мамандар қоғамдық тәртіпті сақтау — қоғамдағы сыйластықтың белгісі екенін айтады. Сондықтан тұрғындар заң талаптарына бейжай қарамай, тыныштық ережелерін сақтауы қажет.

