«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама.
Тазалық сақтау – тек арнайы акция кезінде емес, күнделікті өмірде әр азаматтың басты міндеті болуы керек. Өз ауламызды, көшелерімізді таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға тастау арқылы туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қоса аламыз.
Таза орта – денсаулықтың, мәдениеттіліктің және елге деген жанашырлықтың белгісі. Барша тұрғындарды тазалыққа жауапкершілікпен қарап, «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырамын.
Қисымов Фархад


