Тазалық – мәдениетті қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. «Таза Қазақстан» акциясы арқылы елімізде экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғатқа деген қамқорлықты күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бастамаға әрбір азаматтың белсенді қатысуы – туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Айналамызды таза ұстау үшін үлкен іс жасаудың қажеті жоқ. Қоқысты жерге тастамау, ағаштарды сындырмау, табиғатты ластамау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әркімнің қолынан келетін қарапайым әрекеттер.
Осындай игі әдеттерді күнделікті өмір салтымызға айналдырсақ, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бірге үлес қосамыз.
Қодаров Ахмет


