«Таза Қазақстан» бастамасы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұл жоба тек сенбіліктер өткізумен шектелмей, азаматтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу және қалдықтарды сұрыптау сияқты шаралар адамдардың экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бастама қоғамда тазалықты әр адамның ортақ міндеті ретінде қабылдау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан мұндай жобаларды тұрақты түрде қолдап, олардың ауқымын кеңейту маңызды деп санаймын.
Гүлдана Бралиева

