«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама. Осындай игі шаралар арқылы тұрғындар туған жерге деген жанашырлығын көрсетіп, тазалыққа өз үлестерін қосуда.
Тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуы қажет. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастаса, қоршаған ортамыз да таза әрі көрікті болады. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік екені анық.


