Тазалыққа немқұрайлы қарамау – әркімнің міндеті

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы ауданымызда жақсы қолдау тауып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етіп келеді. Осындай шаралар арқылы адамдар тазалықтың маңызын тереңірек түсініп, айналасын күтіп ұстауға мән бере бастады.

Тазалық жұмыстары кезінде тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалады. Олар ортақ іске атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге өз үлестерін қосуда. Мұндай жұмыстар адамдарды бірлікке шақырып, қоғамдағы ұйымшылдықты нығайтады.

Әсіресе, жастардың белсенді қатысуы қуантады. Бұл – тазалық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанының белгісі. Әр адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, ауданымыз одан әрі көркейе түседі деп ойлаймын.

— Ақбота Абатқызы, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT