Тазалыққа үлес қосу – елге деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ міндет.

Тазалық тек сенбілік немесе арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуы қажет деп ойлаймын. Әр азамат өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға тастауға жауапкершілікпен қараса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі.

«Таза Қазақстан» – табиғатты аялауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндейтін игі бастама. Сондықтан тазалыққа үлес қосу – елге деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі.

Гүлдана Бралиева

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT