Қоғамның мәдениеті мен дамуы ең алдымен қоршаған ортаға деген көзқарастан байқалады. Таза көше, таза аула және таза табиғат — тұрғындардың жауапкершілігі мен ұйымшылдығының көрсеткіші. Сондықтан ауданымызда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңызы зор деп ойлаймын.
Бүгінде тұрғындардың тазалық шараларына белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне үлес қосып жүргенін жиі көреміз. Бұл — қоршаған ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Осындай игі бастамалар адамдарды бірлікке шақырып, ортақ іске жұмылдырады.
Тазалықты сақтау әркімнің өзінен басталады. Егер әр тұрғын өзі тұратын ортаның тазалығына мән берсе, ауданымыз одан әрі көркейіп, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы мекен қалдыра аламыз.
— Айгерім Мұратқызы, аудан тұрғыны

