«Таза Қазақстан» акциясы біздің ауданымызда да жақсы қолдау тауып келеді. Осындай шаралар арқылы тұрғындар тазалықтың маңызын түсініп, айналасына жауапкершілікпен қарай бастады деп ойлаймын.
Бірігіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көшелеріміз тазарып, ортақ кеңістігіміз көркейе түсті. Бұл тек сыртқы өзгеріс емес, адамдардың көзқарасының өзгергенін де көрсетеді.
Әр адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, ауданымыз одан әрі көркейе беретініне сенімдімін.
— Аудан тұрғыны

