Қазіргі таңда тазалық мәселесі тек сенбілікпен немесе уақытша шаралармен шектелмеуі керек деп ойлаймын. «Таза Қазақстан» акциясының басты ерекшелігі – адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуде. Себебі кез келген таза орта ең алдымен адамның санасынан басталады.
Соңғы уақытта ауданымызда тазалыққа мән беретін тұрғындардың саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Адамдар өз аулаларын ғана емес, ортақ кеңістікті де күтіп ұстауға назар аудара бастады. Бұл – қоғамда жауапкершілік сезімінің қалыптасып келе жатқанының белгісі.
Осындай бастамалар арқылы адамдар табиғатты аялаудың маңызын тереңірек түсінеді. Әсіресе, жас буынның белсенділігі ерекше байқалады. Олар тазалықты сақтауды қарапайым міндет емес, өмір салты ретінде қабылдай бастады.
Таза орта – жай ғана әдемілік емес, ол адамның өмір сапасына, денсаулығына және қоғам мәдениетіне әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан әр адам айналасына бейжай қарамай, тазалыққа өз үлесін қосуы қажет деп есептеймін.
— Өз тілшіміз

