Соңғы уақытта елімізде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы көпшіліктің қолдауына ие болып, жақсы нәтижесін көрсете бастады. Бұл бастама адамдарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.
Күнделікті өмірде кейде мән бермейтін қарапайым тазалықтың өзі үлкен маңызға ие екені байқалып отыр. Акция барысында тұрғындар бірігіп, айналаны ретке келтіріп, өз үлестерін қосуда. Мұндай істер адамдарды жақындастырып, ортақ іске деген жауапкершілікті арттырады.
Қазіргі таңда тазалық тек сенбілікпен шектелмей, біртіндеп әдетке айналып келеді. Бұл – қоғам үшін үлкен жетістік. Әр адам өзінен бастап, айналасын таза ұстаса, өмір сүру ортасы да әлдеқайда жайлы болары анық.
Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кеңінен қолдау табады деп сенемін.
— Ақбота Абат, аудан тұрғыны

