Қазіргі уақытта тазалық мәселесі тек коммуналдық қызметтердің жұмысы емес, ол әр тұрғынның жауапкершілігі екенін қоғам біртіндеп түсініп келеді. «Таза Қазақстан» акциясының маңызы да осында деп ойлаймын.
Ауданымызда ұйымдастырылып жатқан тазалық шараларына тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Адамдар ортақ іске атсалысып, айналаның таза әрі ұқыпты болуына үлес қосуда. Мұндай жұмыстар тек қоршаған ортаны ретке келтіріп қана қоймай, адамдардың санасына да әсер етеді.
Әсіресе, жастардың тазалыққа мән беріп, белсенділік танытуы – жақсы үрдіс. Себебі тазалыққа деген көзқарас бала кезден қалыптасады. Егер әркім өзінен бастап, айналасына ұқыптылықпен қараса, қоғам да өзгере түседі.
Таза орта – жай ғана әдемі көрініс емес, ол жайлы өмір сүрудің негізі. Сондықтан мұндай бастамалар әрдайым қолдау табуы керек деп есептеймін.
— Аудан тұрғыны

