Қазіргі таңда қоғамда тазалық мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Таза көше, таза аула, таза қоршаған орта — бұл тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Құрманғазы ауданында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі деп есептеймін.
Күн сайын өзіміз жүрген ортаның тазалығына мән беріп, қоқысты белгіленген орынға тастау сияқты қарапайым әрекеттер арқылы үлкен өзгеріске үлес қоса аламыз. Өйткені туған жердің тазалығы — оның тұрғындарының мәдениеті мен тәрбиесінің айнасы.
Бүгінде ауданымызда ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары көпшілікке үлгі болып, жастардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыруда. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, табиғатты қорғау ісіне әрбір тұрғын атсалысады деп сенемін.
Тазалық — бір күндік науқан емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы қажет.
— Гүлдана Бергалиева, аудан тұрғыны

