Тазалық – өзімізден басталады

(0 Votes)

Қазіргі уақытта елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасын өзгертіп келеді. Бұл бастама әр адамға өз ортасына бейжай қарамау керектігін түсіндіреді.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында тұрғындар бірігіп, айналаны ретке келтіруге белсенді қатысуда. Осындай ортақ іс адамдарды жақындастырып, бірлік пен жауапкершілікті арттырады.

Тазалық сақтау – тек сенбілікпен шектелмеуі тиіс. Әркім өз үйінің маңынан бастап, қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыланса, бұл үлкен нәтижеге жеткізеді. Себебі таза орта – барлығымызға ортақ қажеттілік.

Менің ойымша, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, көпшілік тарапынан қолдау таба береді.

— Ақбота Жалғауова, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT