Тазалық жұмыстары жалғасуда

(0 Votes)

 

Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан тұрғындары, жастар және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік барысында көшелер, саябақтар мен әлеуметтік нысандар аумақтары қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, айналаны көркейту шаралары қолға алынды.

Мұндай бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жердің тазалығына деген жауапкершілігін арттыруда.

— Қанат Ғұмаров, журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT