Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктер барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, айналаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Акцияға аудан тұрғындары, жастар, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда. Тазалық шаралары кезінде саябақтар мен әлеуметтік нысандар аумақтары қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Мұндай бастамалар аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар, экологиялық акция аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
— Айнагүл Шакупова, журналист

