«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама.
Біз бұл акцияға қатысу арқылы туған жеріміздің тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігімізді арттырамыз. Тазалық – әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Сондықтан барша азаматтарды табиғатты қорғауға, қоқысты бей-берекет тастамауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамын.


