«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген жанашырлықты арттыруға үндейтін игі бастама. Табиғатты аялау, көшелер мен аулаларды таза ұстау, жасыл желекті қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Тазалық жұмыстарына қатысу арқылы біз тек бүгінгі күннің көркін жақсартып қана қоймай, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға үлес қосамыз. Әрбір таза аула, жинақы көше, абаттандырылған қоғамдық орын – елге деген құрметтің белгісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысайық!
Айбекова София


