Туған жердің көркеюі әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Ұқыпты аула, таза көше және күтіп-бапталған қоғамдық орындар ауылдың ғана емес, тұрғындардың мәдениетінің де айнасы.
Қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін әр адам өзінен бастауы керек. Осындай қарапайым әрекеттер уақыт өте келе үлкен нәтижеге жеткізіп, елді мекеннің ажарын ашады.
Туған жерге деген сүйіспеншілік нақты істерден көрінеді. Сондықтан тазалыққа үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
— Айзере Ерболатқызы, аудан тұрғыны

