«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қоғамдық бастама.
Акцияға қатыса отырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға атсалыстым. Іс-шара барысында адамдардың ұйымшылдығы мен белсенділігі ерекше байқалды.
Табиғатты қорғау тек арнайы акциялар кезінде емес, күнделікті өмірде де әр адамның міндеті болуы керек. Осындай жұмыстардың арқасында туған өлкеміздің таза, көрікті және жайлы болуына өз үлесімізді қоса аламыз.


