Тазалық – адамзаттың күнделікті өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Соңғы уақытта ауылымызда ұйымдастырылған тазалық шараларына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда. Көшелер мен аулалар ретке келтіріліп, қоршаған орта жаңа кейіпке енді.
Таза орта – денсаулық кепілі ғана емес, ол – мәдениеттіліктің айқын белгісі. Әрбір адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, бүкіл ауылымыз көркейіп, келбеті ажара түседі. Бұл игі іс жас ұрпаққа да үлгі болып, олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырары сөзсіз.
Туған жеріміздің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялау арқылы біз болашаққа жарқын жол қалдырамыз. Бірлесе еңбек етсек, ауылымыз әрдайым таза да көрікті болары анық.
Ақбота Абатқызы, ауыл тұрғыны

