Тазалық — тәрбиенің бастауы

(0 Votes)

Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясының ел көлемінде өткізіліп жатқаны өте орынды бастама деп есептеймін. Бұрыннан үлкендер «Тазалық - иманның жартысы» деп бекер айтпаған. Сондықтан айналаны таза ұстау - әр азаматтың міндеті.

Құрманғазы ауданында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге қарап, халықтың белсенділігі артып келе жатқанын байқаймыз. Жастардың, мемлекеттік қызметкерлердің, қарапайым тұрғындардың бірлесе еңбек етіп жүргені көңіл қуантады. Бұл — елге деген жанашырлықтың белгісі.

Әсіресе жас буынның тазалық жұмыстарына араласуы маңызды. Себебі тәрбие осындай қарапайым істерден басталады. Егер әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, бүкіл ауылдың келбеті өзгереді. Табиғатты қорғау мен туған жерді құрметтеу — кейінгі ұрпаққа үлгі болатын құндылықтар деп ойлаймын.

Қамариша ӨТЕБОЛАТҚЫЗЫ, аудан тұрғыны

Фото: "gov.kz"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT