Ауданымызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру жалғасып жатыр. Аудан көлемінде өткізілген сенбіліктер барысында қоғамдық орындар мен көшелер тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Экологиялық бастамаға тұрғындар, жастар және түрлі сала қызметкерлері қатысып, ортақ іске белсенділік танытуда. Сонымен қатар, акция барысында абаттандыру мен қоршаған ортаны күтіп ұстау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Жалпы, мұндай шаралар аудан аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беруде.
— Асқар Ғұмаров, журналист

