«Таза Қазақстан» дегенде көп жағдайда қолына сыпырғыш ұстап, сенбілікке шыққан адамдар елестейді. Бірақ тазалық бір күндік шарамен шектелмеуі керек. Бүгін тазалап, ертең қайта қоқыс тастасақ, еңбектің нәтижесі қайда? Сондықтан бұл бастаманың басты мақсаты – көшені ғана емес, адамдардың тазалыққа деген көзқарасын өзгерту. Нағыз нәтиже әр адам «менен кейін қоқыс қалмасын» деген қарапайым қағиданы ұстанғанда көрінеді.


