Тазалық әрқайсымыздан басталады!

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаумен қатар, адамдарды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелейді. Туған жеріміздің табиғатын таза сақтау – барлығымызға ортақ міндет.

Өйткені табиғат – адамзаттың ортақ байлығы, ал оны қорғау әрбір азаматтың парызы. Тазалық жұмыстарына қатысу арқылы біз айналамызды көркейтіп қана қоймай, өзгелерге де үлгі боламыз. Әрбір тұрғын өз үйінің ауласынан бастап, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығына мән берсе, еліміз одан әрі көркейе түседі. Сонымен қатар, қоқысты бей-берекет тастамау, табиғи ресурстарды үнемдеу және жасыл желектерді қорғау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Таза қоршаған орта – денсаулықтың, жайлы өмірдің және тұрақты дамудың негізі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, табиғатты қорғау жолындағы жұмыстарға баршамыз белсенді атсалысуымыз қажет. 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT