«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Мұндай игі шараларға әрбір азамат белсенді қатысып, өзі тұратын ортаның көркеюіне үлес қосуы қажет. Тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуы тиіс. Әркім өз ауласын, көшесін таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түседі. Таза орта – келер ұрпаққа қалдырар ең құнды мұрамыз.


