Тазалық – әр азаматтың жауапкершілігі

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Туған жердің таза әрі көрікті болуы тек арнайы қызметтердің емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

Тазалық жұмыстарына белсенді қатысу арқылы біз өз ауламыздың, көшелеріміздің және қоғамдық орындардың көркеюіне үлес қосамыз. Ең бастысы – тазалықты бір реттік шара ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру.

Әр азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, айналасын таза ұстауға үлес қосса, еліміздің көркі де арта түседі. Таза орта – дені сау ұрпақ пен жайлы өмірдің кепілі.

Мамбетов Мұрат

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT