«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Әрбір отырғызылған ағаш, жиналған қоқыс пен көркейтілген аула – туған жерге деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Табиғатты аялау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың да алдындағы жауапкершілігі деп білемін.
Барша тұрғындарды тазалыққа үлес қосып, туған өлкеміздің көркеюіне атсалысуға шақырамыз.

