Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы – қоғамды игі іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды бастама.

Тазалық жұмыстарына қатысу арқылы әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің көркеюіне өз үлесін қоса алады. Таза көше, көрікті аула мен жасыл табиғат – мәдениетті қоғамның белгісі. Бұл ретте тек сенбіліктерге қатысу ғана емес, күнделікті өмірде тазалық қағидаларын сақтау да маңызды. Қоқысты бейберекет тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа қамқорлықпен қарау әр адамның жауапкершілігін көрсетеді. Біз туған өлкемізді таза ұстасақ, болашақ ұрпаққа көркем әрі қолайлы орта қалдырамыз. Тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT