«Таза Қазақстан» акциясы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып келеді. Осындай іс-шараларға қатысқан сайын табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның өзінен басталатынын түсінесің. Біз таза көшеде жүріп, көрікті қалада өмір сүргіміз келсе, оған өз үлесімізді қосуымыз қажет. Қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске бастайды. Сондықтан бұл акцияның маңызы өте зор деп есептеймін.
Ақбөбек ҚАЙРАТ, студент

