«Таза Қазақстан» – тек аумақтарды тазарту емес, қоғамда тазалық пен экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастама.
Әрбір азамат өз ауласынан, көшесінен және жұмыс орнынан бастап тазалыққа мән берсе, еліміздің барлық аймағы көркейе түседі. Қоқысты сұрыптау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, ағаш отырғызу және жасыл желектерді қорғау – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің маңызды көріністері.
Бүгінде осындай игі істерге тұрғындар, еріктілер, жастар мен түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы жақсы дәстүрге айналып келеді. Бірлігіміз бен ортақ жауапкершілігіміз арқылы таза, жасыл әрі көрікті Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.
Қисымова Аружан


