Қоршаған ортаның таза болуы ең алдымен тұрғындардың өзіне байланысты. Әр адам өз ауласы мен көшесіне жауапкершілікпен қараса, елді мекеннің жалпы көрінісі де өзгереді. Осындай жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, тазалыққа деген көзқарасты қалыптастырады.


