Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аудан тұрғындары, жастар және түрлі мекеме қызметкерлері сенбілікке белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосуда.
Тазалық шаралары барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, саябақтар мен әлеуметтік нысандардың аумақтары ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай игі бастамалар ауданның көркеюіне оң әсерін тигізіп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруда.
— Қанат Ғұмаров, журналист

