Тазалық – ортақ мәдениеттің негізі

(0 Votes)

Соңғы уақытта елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді. Бұл бастама әр адамға өз айналасына жауапкершілікпен қарау керектігін көрсетуде.

Ауданымызда ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына тұрғындар белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге атсалысуда. Осындай ортақ еңбек адамдарды жақындастырып, бірлік пен ұйымшылдықты нығайтады.

Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол адамның ішкі мәдениетінің айнасы. Сондықтан әркім өзінен бастап, айналасын таза ұстауды әдетке айналдырса, қоғам да өзгере түседі.

Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, көпшілік тарапынан қолдау табады деп сенемін.

— Ақбота Абатқызы, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT