Таза әрі көрікті ортада өмір сүру – әр адамның арманы. Сол себепті «Таза Қазақстан» акциясының қоғам үшін маңызы зор деп есептеймін. Бұл бастама адамдарды табиғатты аялауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.
Құрманғазы ауданында мұндай жұмыстардың тұрақты ұйымдастырылуы тұрғындардың белсенділігін арттырып келеді. Бірлесіп атқарылған еңбек адамдарды жақындастырып, ортақ іске жұмылдырады. Әсіресе балалар мен жастар үлкендердің ісінен үлгі алып өседі. Тазалыққа үйренген ұрпақ туған жерін де қадірлей біледі. Сондықтан әрқайсымыз өзімізден бастап, тазалық мәдениетін қалыптастырсақ, ауданымыздың да келбеті жылдан-жылға көркейе түсетініне сенемін.
Елдос ОРАЗБЕКОВ

