«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан тазалық және абаттандыру жұмыстары қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындарды табиғатты аялауға, ортақ мекеннің тазалығын сақтауға үндейді.
Әрқайсымыз өз ауламыздың, көшелеріміздің және ауылымыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, елді мекеніміз бұдан да көрікті әрі жайлы бола түседі. Таза Қазақстан – таза ортадан басталады!


