Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті тазалық шаралары өтті. Шараға жастар, еріктілер және түрлі сала қызметкерлері қатысып, ауданның тазалығын сақтау жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар мен көшелер тазартылып, саябақтар аумағы ретке келтірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай экологиялық бастамалар аудан тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған жердің көркеюіне оң ықпал етуде.
— Еркеназ Еркін, тілші

