«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға, елді мекендерді абаттандыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық жұмыстарына ұйымдар мен мекемелер ғана емес, әрбір тұрғын белсенді атсалысуы қажет. Өз ауламызды, көшелерімізді таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастау арқылы туған жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз.
Таза әрі көрікті ауыл – баршаға ортақ еңбек пен жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтан тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек.
Бралиева Гулдана


