Тазалық - денсаулықтың кепілі

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Тазалық тек көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірумен шектелмейді, ол адамның күнделікті өмір салтынан, қоршаған ортаға деген жауапкершілігінен көрінеді.

Осындай игі бастамаларға әрбір тұрғын белсенді қатысып, өз ауласын, көшесін және ауылын таза ұстауға үлес қосуы қажет. Өйткені таза орта – денсаулық кепілі, ал табиғатқа жанашырлық таныту – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың тазалыққа деген көзқарасымызға байланысты.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT