Тазалық – болашаққа салынған инвестиция

(0 Votes)

Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын біртіндеп өзгертіп келеді. Бұл бастама адамдарды тек тазалық сақтауға ғана емес, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.

Ауданымызда да акция аясында түрлі тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда. Ортақ іске жұмылған жұртшылық айналаны ретке келтіріп, өз үлестерін қосып келеді. Мұндай шаралар адамдардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, бірлік пен ұйымшылдықты нығайтады.

Қазіргі таңда тазалық – уақытша міндет емес, ол әр адамның өмір салтына айналуы қажет. Себебі таза орта – денсаулықтың, жайлылықтың және қауіпсіздіктің кепілі.

Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, кең қолдау табады деп сенемін.

— Мадина Ерболатқызы, тілші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT