«Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрманғазы ауданында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді тұрғындар мен еріктілер қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудан көлеміндегі қоғамдық орындар мен көшелерді ретке келтіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сенбілік барысында жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, демалыс аймақтары мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылды. Шараға қатысушылар тазалық сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасып, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілмек.
— Айнагүл Шакупова, журналист

