Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолдары мен әлеуметтік нысандар аумақтары ретке келтірілді. Сонымен қатар, саябақтар мен демалыс орындарында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Экологиялық акция аясында тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ауданның тазалығы мен көркеюіне оң әсерін тигізіп қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыруға мүмкіндік береді.
Аудан көлемінде өткізіліп жатқан сенбіліктер мен тазалық акциялары алдағы уақытта да жалғасын тауып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілмек.
— Айбек Нажимов, журналист

