«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындар арасында кең қолдау тауып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етіп келеді. Бұл бастама әр адамның тазалыққа деген көзқарасын өзгертіп, оны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруды мақсат етеді.
Акция барысында адамдар бірігіп, айналаны тазалап, қоғамдық орындарды ретке келтіруге атсалысуда. Осындай жұмыстар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты нығайтып, ортақ іске деген жауапкершілікті күшейтеді. Тазалықты сақтау – тек бір күндік жұмыс емес, ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Сонда ғана айналамыз көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады.
З.Амангелдіқызы
аудан тұрғыны

