Біз жастар «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз. Себебі қоршаған ортаның таза болуы – өз денсаулығымыз бен болашағымыз үшін маңызды. Қазір ауданымызда ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге еріктілер мен жастар белсенді қатысып келеді. Осындай шаралар арқылы табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсінеміз. Әр адам айналасына жанашырлықпен қараса, еліміз де көркейе түседі деп ойлаймын.
Ақбөбек ҚАЙРАТ, студент

