Бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасын өзгертуде. Бұл бастама қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңызын ұғындырып, әр адамды жауапкершілікке шақырады.
Айналаны таза ұстау – тек сыртқы тәртіп емес, ол адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрінісі. Осыны түсінген тұрғындар акцияға белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосып келеді. Мұндай игі істер адамдарды біріктіріп, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтады.
Қазіргі таңда тазалыққа мән беру біртіндеп өмір салтына айналып келеді. Бұл – болашақ үшін маңызды қадам. Өйткені таза ортада өмір сүру – әрбір адамның денсаулығы мен жайлылығына тікелей әсер етеді.
Сондықтан әрқайсымыз тазалықты өзімізден бастап, айналамызға үлгі болуымыз қажет деп ойлаймын.
Қарақат Нұрлан, аудан тұрғыны

